Анодтарды бөлшектеу кезіндегі шойын құймасын жүктеуді имитациялық үлгілеу
Аннотация
Мақалада КОМПАС-3D үшін APM FEM бағдарламалық ортасында шойын құймасын жүктеуді имитациялық үлгілеу нәтижелері келтірілген. Шойын құймасы алюминий электролизерлері үшін анодтарды құрастыруда қолданылады. Жүргізілген зерттеулердің мақсаты анодтарды бөлшектеу процесінде шойын құймасының гидравликалық пресс арқылы алынған кезде кернеулі-деформацияланған күйін анықтау болды. Өндірістік деректерді ескере отырып, шойын құймасын бұзу (алып тастау) процесі кезіндегі жүктеуді имитациялық үлгілеу үшін екі 3D модель салынды: «саңылауы бар шойын құймасы» және «түбі құйылған шойын құймасы». Бұл іс жүзінде анод ұстағыштың емігі әрдайым тығыз орнатылмайтындығына және емік пен анодтың көмір блогы арасында қашықтық пайда болатындығына байланысты. Шын мәнінде, пресстің шойын құймасына қолданылатын күш құйманың диаметрі мен биіктігіне байланысты және 1 цилиндрге сәйкес күш 4000 кН жетуі мүмкін. Жүргізілген үлгілеу нәтижесінде саңылаусыз шойын құймасына гидравликалық пресстің пуансоны жасаған қысымы шойын құймасының бүкіл бетіне біркелкі бөлінетіні анықталды. Тиісінше, бұл жағдайда гидропресс қысымы анод ұстағыштың емігінен шойын құймасын толығымен бұзу және толығымен алып тастау үшін жеткіліксіз.
Автор
Каменов Алмат Айтасович
Богомолов Алексей Витальевич
Рыспаев Талант Акимжанович
Быков Петр Олегович
Суюндиков Мерхат Мадениевич
DOI
https://doi.org/10.48081/SEGB6223
Ключевые слова
анодты монтаждау өндірісі
шойын
үлгілеу
механикалық қасиеттері
Год
2022
Номер
Выпуск 3
Для цитирования:
Каменов Алмат Айтасович, Богомолов Алексей Витальевич, Рыспаев Талант Акимжанович, Быков Петр Олегович, Суюндиков Мерхат Мадениевич Анодтарды бөлшектеу кезіндегі шойын құймасын жүктеуді имитациялық үлгілеу // Научный журнал «Наука и техника Казахстана» - 2022 - №3 - С. 96–102. https://doi.org/10.48081/SEGB6223
Скопировано!